25.07.2022
  130


Автор: Серікбай Бердияров

Түн жарымы елдің бәрі ұйқыда...

Түн жарымы елдің бәрі ұйқыда,
Қарамастан қалжыраған сиқыма.
Компьютірдің кіретіндей ішіне,
Алға қарай ентелеймін жұлқына.
Түйешідей түйелерін шөгерген,
Орындыққа отырғасын бөгелмей,
Ойымменен арпалысқа түсемін,
Демейсіңіз мына пақыр не көрген.
Белді буып азаматтай тас түйін,
Үлкендікке тұрам ылғи бас иіп,
Білгенімді жеткізуге тырысам,
Қипақтайтын емеспін ғой жас буын.
Тәрбиесі бізді өсірген кеңестің,
Жаныменен жүргізбеді егестің.
Еңбектенсең ерініңе тиеді,
Басқа деді өмір сүру көмескі.
Бәрін біліп,
Бәрін көріп тұрсаңда,
Елмен деді маңыздысы тырбанған.
Қолмен жасап көзіңменен көргенің,
Жол ашады жүруіңе ұрланбай.
Түбегейлі кетпегесін айға асып,
Тіршілігің бітуімен пайдасы.
Үлкен істі үлкен адам жасайды,
Жүргеніне қарамаңдар жай басып.





Пікір жазу