25.07.2022
  139


Автор: Серікбай Бердияров

Ақ мақтадай үлбіретіп арымды...

Ақ мақтадай үлбіретіп арымды,
Ортаңызға салғанымда барымды.
Ойламаймын ел алдына шығуды,
Еңбегіме назарың сал қарымды.
Құлақ қойып көпшіліктің датына,
Құдіреттен сұрастырған ахуал.
Тілек тілеу базардағы зат емес,
Орынына қоя салар сатып-ап.
Жүрегіңнің тазалығын қалқалап,
Түскеніңе қарсыласпан алқаға.
Рұхсатты Алла берсін деп тіле,
Адам берсе есті алады шалқалап.
Ойын-күлкі айнымаса қалыптан,
Өз ортаңыз қабылдайды алыптай.
Бірлі жарым құбылмалар табылар,
Қақпақ бола аламысын халыққа.
Көңілімнің орта жайма қалауы,
Әрекетке бейімделген салалы.
Үміттенбен түсімдегі тарыдан,
Сеніміме сеніңіздер саналы.





Пікір жазу