25.07.2022
94
Пайдаланып мансапты..
Пайдаланып мансапты,
Көтермелеп жаңсақты,
Шаруасы шалағай ,
Дүбәралар шаршатты.
Кем соққасын білгені,
Кем соққасын ілгені,
Орындарды не қылсын,
Топ жаратын жүлделі.
Қарсыласты ұтқаның,
Күштілерді жыққаның,
Оған күлкі тәрізді,
Менің түйіп ұққаным.
Жоспарыңды құрғаның,
Күнұзаққа тұрғаның,
Бермегесін нәтиже,
Айтып-айтпа құрғақ үн.
Ал болмаса малшы да,
Дәрігер де, балшы да,
Еңбегінің төлемін,
Арнамай ма халқына.
Қан жұтады намысым,
Ел жұртымның қамы үшін,
Бола алмай келемін,
Көрсоқырға шанышқы