Мезетіне таусылғанда шыдамым...
Мезетіне таусылғанда шыдамым,
Қос қолыммен шекелікті сығамын.
Тілді қажап оны-мұны тістелеп,
Адамыңнан тысқарылау ығамын.
Адуынға кілкілдеген жол беріп,
Абыройды жұтатпайын жоқ жерде.
Кигеніңмен деймін бе екен пайдасыз,
Қабатына қатталынған оқ жейде.
Жауар бұлттай түйілсемде түнеріп,
Ақылыма сенім артам үнемі .
Сабырымды сандалкөкке мінгізіп,
Өзгелерін кеп тұрады мінегім.
Шыдас бермей ықпалына өзгенің,
Ыңғайына көне қойсам кезбенің.
Жарылуға дайындайын шыдамым,
Қандай жақсы өз-өзіңді сезгенің.
Келгенімен ой қиқымы көлденең,
Кергілейді шыдамымды бөлмелеп.
Білдірмейін дегеніммен сырт көзге,
Селдірейді кескін кейіп өлмеген.
Әдістілер бекемсініп сөйлейді,
Сынағына шанышқылап дөйлерді.
Ол әңгіме жасалынар іс емес,
Қайталаудан қандай пайда беу-беуді.
Ұстаған жер қалу керек қанталап,
Қасқыр көмей тұрса мейлі анталап,
Қолда бардан айрылмауға тиіспіз,
Тастатпаудың айла әдісі жаңқалап.
Сен жүрген жер неге деме жанталас.