25.07.2022
  130


Автор: Серікбай Бердияров

Адам бойында жақсы қасиет қаншама,?

Адам бойында жақсы қасиет қаншама,?
Игергеніңіз ауқымды болса сан-сала.
Айы-жылыңа күні-түніңе қаратпай,
Қызметтенуді қажет етеді жан сала.
Жетістігіңе үңілген сайын жақындап,
Жасағаныңды тиянақтайсын татымдап,
Қасқыр апаны құрылар қақпан кедергі,
Басып алғанша қиямет қайым тақымға.
Көрінгендерің әдемі әйбат көзіңе,
Етене жақын болуы үшін өзіңе,
Алдарыңызда талғам таразы деген бар,
Қуаттырағы тіреуіш тіреу сөзіңе.
Адами ізгі берілген болса сыбаға,
Қарсылағаның орынды болмақ қуана.
Ренжісе де көргендер көмектеседі,
Көріп-білмеген сенің жайыңды ұғама?.
Түсінігімде мүсінге айналған қасиет,
Адамдарға да тиесілідей асы көп.
Жоқ адамның да арманы болып келеді,
Ыждағатыма сондықтан шығар бас ием.





Пікір жазу