25.07.2022
139

Бұл қазақтың бәрі айтқыш,бәрі білгіш!
Бұл қазақтың бәрі айтқыш,бәрі білгіш!
Мазақ еткіш,
Мақтағыш,
Әрі күлгіш…
Іздемей-ақ алдыңнан шыға келер,
Дегеніңше болмай-ақ”кәне,білгіш?”
Шешенсініп сөйлейді шеттерінен,
Жеме-жемде демейді жек көрінем.
Сөзі тамып тұрады тілдерінен,
Майы тамып тұрады беттерінен.
Көсемдері деймісін?
А---н---а жақта…
Ақыл айтқыш жәми жұрт-жамағатқа.
Солар ие көлікке,елікке де..,
Солар ие қалта мен қаражатқа.
Солар ғана айтады билікті елге,
Ортаға кеп біреулер киліккенде,
Солар келіп қонады қонжиысып,
Қонақжайда пайдалы тірліктерде.
Олар үшін біз деген-қара халық,
Әр сынақтан үйренген сабақ алып.
Солар сіздің ойлайды қамыңызды,
Қат-қабатта қомқоршы бала қалып.
Бұл қазақта аз емес атқа мінер,
Қағидасын заманның жатқа білер..
Іздемей ақ оларды табам десең,
Әшекейлі апталған қақпаны көр!