25.07.2022
106
Айналайын,көңілім,қарабайыр...
Айналайын,көңілім,қарабайыр,
Әрнәрсеге өзіңсін арағайын..
Кезегінде көбірек ойланамын,
Өзгелерден үстемдеу бала жайын.
Маған қарап өседі немерем де,
Немересіз бақытқа кенелем бе.
Бел ағашы үйімнің болсам игі,
“Ел ағасы”деп жұртым елегенде!
Болмасамда көлденең табыстан бай,
Жұмысымды атқарам намыстанбай.
Жон көрсетіп жүргем жоқ жолбарыстай,
Ақырып та жүргем жоқ арыстандай.
Өз жолымды,
Білемін өз жөнімді,
Азапқа да тозаққа төзгенімді.
Ұл-қызыма бермесін жаппар ием,
Қыл ұшында қиналған кездерімді…
Болдым-толдым дейтін де мен емеспін.
Есем кетсе,өмірмен ерегестім.
Қыс қыстауға қамданып қара күзде,
Жаз жайлауға жақынмен ере көштім…
Мойыныма ілмеңдер жөн еместі.