25.07.2022
  105


Автор: Серікбай Бердияров

Өз бетіммен

Өз бетіммен
Хал жағдайды ескеріп,
Өткеніме көз түремін тексеріп.
Жетістігім азды-көпті болғанмен,
Кердиюге әуес емен төс керіп.
Білмесімнің кем-кетігі қалайлап,
Сұраныспен күнім түсті талайға.
Түртінектеп жүріп жиған тергенім
Жол бермеді жолдан өткен жолайға.
Көргеніме жете тіке қараудан,
Орынықтым көңіл деген сарайға.
Дегенімен ойран салды басыма
Адамдарда кезігетін бар айла.
Ауысуда
Қайта-қайта үкімет.
Қойғанымыз кеше ғана үкілеп,
Бүгін оған қандай кінә тағылды,
Түртпектеген деймін кім-ей күші көп.
Дені-басы
Өтілетін сайлаудың
Реттері тамашаны тойлаудың,
Бәрін-бәрін талпынамын қамтуға,
Өзі қиын мендегі ойды ойлаудың.
Кімге керек дегендерге білгірсіп,
Жасамаймын жоқтан өзге ілдіртіп.
Дегім келед оң бағытқа жүрсеңші,
Оған себеп
Арым таза бүлдіршін!..





Пікір жазу