25.07.2022
  152


Автор: Серікбай Бердияров

Тірлігімде ұр да жықпен апайтөс...

Тірлігімде ұр да жықпен апайтөс,
Жақынырақ кезікпеппін тақау кеп.
Сөйтсем олар санайтынның өзі екен,
Өзгелерді түбегейлі мақау деп.
Жасалынар қызыметі барға жүк,
Қазанында қуырылсын бар халық.
Теңіз суы сирағынан келмейді,
Қапса болды салған жерде қармағы.
Жүрген жері ұрыс-керіс, дау-дамай,
Пайдасына жан береді таңдамай.
Кезіккенге керісінше қарайды,
Дегеніңе күмәндімін онда ар.
Қылығымен құбылғанда құйтырқы
Әрекеті іс-қимылы сиқыршы.
Байқағаным сырыңызға қанықса
Қарауылға алатындай үй сыртын.
Менің мынау сыңаржақтау пікірім,
Бер жақтағы айтылымның шүкірі.
Сорлағанда сорақысы соңында
Оның үшін қас-қағым сәт түкіру.
Қоғамдағы қозғалысты қат-қабат
Алған дерсін қолдарына ноқталап.
Құдіретке шүбәләніп қарайды,
Сана өлі міз қақпайды от жалап.
Өз еркіңде қоштамауың қоштауың,
Көтеретін жандайшаптар шашбауын.
Көзін жұмбай өлтіретін сияқты
Абайсызда басып кетсең башбайын.





Пікір жазу