25.07.2022
  127


Автор: Серікбай Бердияров

ОЙ

Қасиетті қара өлеңнің киесін,
Ата-баба айшығы деп білетін!
Асқаралы асуларға қол созған,
Ақыныңның байқа қосқан үлесін.
Атталынған әрбір жылым бір белес,
Ағайын,дос,көрші-қолаң іргелес.
Алыс- жақын жақындаған жаныма,
Шын тілеулес күбірлемес, үндемес.
Ордалы ел оң жағым мен сол жағым,
Мен солармен сапарласпын,жолдамын,
«Ұлық болсаң-кішік болды» ұмытып,
Кімге керек асып-тасып болғаның?
Шартарапқа шарықтайтын шағыңда
Сатпа өзіңді сары алтын деп сағымға.
Тағдырыңа қоңылтақтық танытсаң,
Дос-жаранның бірі қалмас жаныңда.
Батпан-батпан байлық іздеп лас кеудең,
Лағып кетсең,қайда қалмақ тас бейнең?
Мен бабамның ұлықтаймын әруағын!-
Артық жерім осы ғана қаскөйден!
Көп опынбас өмір сырын тоқыған,
Опалы оймен өлең жазып отырам.
Көңіл көргек,
Сезім сергек,
Ой-кеніш,
Мән-жайына ортақтасар оқыған.





Пікір жазу