Әйелдер
Қоғамдағы жасалар іс әуелден,
Байланыста тікелейін әйелмен.
Табиғаттың таңғажайып сыйына,
Қарсыласар жоқтың қасы әлемде.
Әйел -ару ,таза, мөлдір періште.
Сезімдерін шайындырып көрікке.
Сырлы дүние тұнығына малынып,
Айырылған жетіп жатыр еріктен.
Түгелімен жағдайымен санасып,
Жүргеніңнің айтудамын шамасын.
Түсініскен кенеледі бақытқа,
Әйеліңіз жаныңызда жарасым.
Құрметтесең, аяласаң асыл жар,
Қиналғанда табылатын қасыңнан.
Ең бастысы ұрпағыңды жалғаушы,
Оңалмайды әйелдерін басынған.
Әйеліңе теңеу тапсаң қолайлы,
Жетпегенге жетісесін талайғы.
Бүкіл әлем қолыңызда тербеліп,
Ұмытасыз кезігетін жолайды.
Өп -өтірік әйеліңді мақтамай,
Сары ағаш, Баян ауыл, Қапшағай,
Сауықтыру орынына жіберіп
Дем алуға көмектескін ақшалай.
Әңгіменің кезегінде деп едім.
Біреу ұрды еденіне шегені.
Біреу тісін шықырлатып алды да,
Көзіменен атқылады төбені.
Елде неткен мінезсіздер көп еді.