25.07.2022
96
Көңілінің лағылы боп тағылып...
Көңілінің лағылы боп тағылып,
Айтқанының ыңғайынан табылып,
Жүргеніңді түсінетін әйелдің,
Қызыметін ету керек сабылып.
Сетінемес сеніміңді көкке орап,
Алғаныңды қоя білсең еппен ап.
Силассаңыз тіпті керім болар ед,
Сүйенішім дейтіндейін тек сен ақ.
Төскейдегі қызыл, жасыл көрініс,
Еске түсіп шықты өрім өрімім.
Еске түсіп өз өзінен шым етті,
Бір қабатқа сыпырылған ерінім.
Әсемдікті қарашықта тұндырып,
Өксігіне шақ шыдадым шыңғырып.
Көздің жасын сүртемінмен қайтара,
Кірпігімді алғандаймын сындырып.
Әйел, ана, адал жарың, ақылшың,
Ақуалдан ауытқысаң батылсып.
Тұжырымың сан салада шашырап,
Ішер асың бола бермек татымсыз.