25.07.2022
  136


Автор: Серікбай Бердияров

Апа,сенің түсіңкілеу қабағың...

Апа,сенің түсіңкілеу қабағың,
Көңілімді қобалжытты шамалы.
Келініңіз бетіңізден қақты ма,
Неден,неге табылмай жүр қалауың?
Әлде,әлде…түске енді ме шалыңыз?
Неге сонша немкеттілеу халіңіз?
Әлде мен бе ерте кетіп,кеш келген,
Етек жиып,енді ғана көшке ерген?
Әлде,анау немерең бе еркелеу,
Төсегінен тұрмай жатып төс керген?
Бәйек болған,айналайын,ақ балаң…
Бұдан кейін айналаға сақ болам.
Айтқаныңды жүре тыңдап сол неме,
Хал-жай сұрап кірмей жүрме бөлмеңе?
Асты-үстіңе түсіп жүрген жоқпын ба,
Көп алдында қоятындай көрмеге.
Анашым-ау,айналайын,періштем,
Жауап қатпай күрсінесін неге іштен?
Бір қырындап қарап қойып айнала,
“Ештеме емес…”деп қоясын жай ғана.
Қадыр тұтып қанша жақсы көргенмен,
Ана жанын ұғып жатыр қай бала…
Аңсағаным күнде қызық,күнде ойын


Менде соның бірі болып жүрмейін?..





Пікір жазу