25.07.2022
98
Екі басты аждахадай арбасып...
Екі басты аждахадай арбасып,
Өлер болдым керегіме жармасып.
Көнгенінен, көнбегені көбірек
Кезігетін қиғылықтан шар басым.
Шиырылып шимайланған күн көріс,
Құдайымның өзі білсін кім теріс.
Мен кінәлі деген адам көрмедім,
Ал жүргендер лықа толы мін теріп.
Кейбіреуге тіпті қызып ұрсамын,
Жүрісіңе қарағын деп бір сарын,
Қайбіреуге жақынымдай қоқаңдап,
Бүйте берсең деп қоямын құртамын.
Ауырамын, сауығамын қаралай,
Бал шырынын жинақтайтын арадай,
Жақсы көрем қолдағымен қолдауды,
Қызығамын тың басталған шараңа.
Бәтуаммен мені көзге елесең,
Ниетімде сауға ырыс береке.
Күннен күнге ынтызарым артуда,
Биік екен ұғымымнан жер өте.
Адам едім жоғыңыздан жанданған,
Тұжырымның қандайына таңданбан.
Тек өтініш артық ауып сұрама,
Күнелтуге пана таппай тоңғаннан.