25.07.2022
115
Күні-түні босатылмай белдігі...
Күні-түні босатылмай белдігі,
Ата-баба қорғаштаған елдігі
Ұрпағына қалдырылған аманат,
Елі, жері жарқын заман белгілі.
Ордалы ел бүгіндері орнында,
Көңліндеміз иілікпейтін зордыңда.
Миллиондаған шақырымда шекара,
Өзіміздің әскерменен торғында.
Асырмаймын кіміңдіде басымнан,
Ажырамас дос жараным қасымда
Жақсы жаман ажыратып жатқам жоқ,
Дәм татырам жақындаса асымнан.
Күн көрісім көпшілікпен барлы, жоқ.
Ақылгөйлер деген екен арлы бол.
Ұстанымым сонда табан тіреген
Мәңгі маған шығарылған жарғы ол.
Тоқ етері жетістігім ұрпағым,
Ар,ұятым,абыройым жұрт алды.
Болашаққа бермегімді ойлаймын,
Атырғанға қосақтама құр таңды.