25.07.2022
  76


Автор: Серікбай Бердияров

Мезгілінде тағдыр тәлкек еткесін...

Мезгілінде тағдыр тәлкек еткесін,
Алдырмайтын асуыммен беттесіп.
Жеке дара өзім шешім қабылдап,
Қажетімнің іздестірдім жетпесін.
Алдағымды көрсемменен жобалап,
Қалмайын деп ай далада обадай.
Ненің болсын араластым ішіне.
Бүйір-сүйір, мейлі, ирек домалақ.
Адамыңнан амал айла қалған ба
Істегенім сай келмесе талғамға.
Жасасамда ерінбедім қайтадан,
Қараңыздар ажыратып жалғаннан.
Түртпектеген тіршілігім тынымсыз,
Өз жемесін берді демен шығынсыз.
Қан ішкізді мұны айту себебім,
Істің оңай еместігін ұғынту.
Бәрі болды ұрыс-керіс, төбелес,
Тамырыңды бажырайтқан ерегес.
Жоқтан бар ғып отырыста жасатты,
Төріңде де отырғызды төредей.
Нысаналап құралайды көзге аттым,
Сабырыма арқа сүйеп сөз қаттым.
Өсек аяң менен аулақ болғасын,
Негізінде қорғаштадым әз басты.





Пікір жазу