25.07.2022
  94


Автор: Серікбай Бердияров

Ауыз қуысы уылып...

Ауыз қуысы уылып,
Жасқа әлпетім жуылып.
Әп-сәтте әбіржіп үлгердім
Естімей құлақтың шуылы.
Бірде қызынып,суынып,
Таңдай сөліне жуынып
Көңіл кірпияз тартады,
Жатқан адамдай буынып,
Өзім сөзімнен шошынып,
Жоқтан қорқыныш тосынып,
Үрей тудырар соншалық
Не сенің десейші осының.
Пайда көрмедім егестен,
Өткен, кеткенім елестей,
Келісіп, келіспей жатамын.
Көпшілік жиналған кеңесте.
Қиял теңізі тербетіп
Ойға батырса терлетіп.
Дұрысқа жанымды саламын,
Алуға тырысам көргесін.
Қайда,қайдасың жақсылар?
Уақыт,аманат тапсырар
Кешігіп қалғандар жетеді,
Етемін деп жүріп жоқты бар.





Пікір жазу