25.07.2022
  76


Автор: Серікбай Бердияров

Алдында ақ шашты ағаның...

Алдында ақ шашты ағаның,
Ақылын тыңдайтын баламын.
Алдында жеткіншек інінің,
Сабырын сақтайтын ағамын.
Сабағым осылай алынған
Түсемін, шығамын қалыңға.
Айнала дос,жарандарыма
Тірлігім арқылы танылғам.
Тірлікте орныққан заңдылық,
Тұрамын,жүремін паң күліп
Компьютер памяты сияқты,
Құртпасаң кетпеймін жандырып.
Кезекті дүние ауысып,
Ағамен, інімен қауышып.
Бірінің айтқанын істесем,
Біріне айтқанды істетем.
Айтарлық жаңалық бұл емес,
Тәрбие қағылған шегедей,
Жұмысты жоғары санаймын,
Әзірге ешкім жоқ бөгеген.
Балдарым алдымнан өтпейді
Сөзі де ортада шектеулі.
Үлкенді,кішіні сыйлайды,
О баста осылай тек деулі.
Басқаша пікірге қосылсам
Ағылып төгіліп осынша
Баламды шағамды қосақтап
Әңгіме айтпаймын қосымша
Жаныма жылыстап жағын ба!
Өтірік көлгірсіп табын ба!
Не өсіп тұрғанын біледі,
Ел жұртым кішкене бағымда.





Пікір жазу