25.07.2022
  118


Автор: Серікбай Бердияров

Өмір өткелі

Есейіп есті білгеннен,
Жұмыс түрінен именбей.
Тағдырым үшін күресіп,
Арылдым күйкі күйбеңнен.
Ауылдың малын айдадым,
Қора-қопсыны жайғадым.
Ыңғайына келтірдім,
Деп жатпастан қай жағы.
Егінін ектім, баптадым
Суын суардым,мақтаның
Межелі мезгіл жеткенде,
Қайбірі болды мақтаным.
Піскен жемісті жинадым
Сейілді күдік мыйдағы
Қанағатымның тойғызды
Аударыстырған құймағы
Не көрсем ауыл ішінде
Көппенен аппақ пішінде
Көкірек кере аламын
Таппайсын шикі ісімнен
Осындай кезең өтілді,
Жас болдық бізде кекілді
Балаға айтсақ сенбейді,
Аспаннан түскен секілді.





Пікір жазу