25.07.2022
  75


Автор: Серікбай Бердияров

ӨЗІМ

Кітабыңды оқып шығып, түсінген,
Оқырманның тұжырымы ішінде.
Жақсы жаман өзі айтар байламын,
Не болсада танысса екен ісіммен.
Жас балаша алтын-жаһұт өлеңім,
Елден ерек мен демейін керегің.
Ит қоритын белгіліге жатпаймын,
Жеткенімен жазып сыздым зеренің.
Құлақ асып сенсеңіздер сөзіме,
Қайбір жайлар бастан өтті кезінде.
Шөңге тілген табан әлде ашиды,
Кінәлімін қайбіріне өзімде.
Қолда барға етесіңіз қанағат
Жамбыңызды атқаным жоқ садақ ап
Көкпарыңды тартқаным жоқ додада
Алдыңдағы бар шындығым жамағат
Өлеңдерім жылдар бойы жеңгенім,
Табжылмастан сан қайтара өңдедім
Қобалжимын сескенемін қорқамын,
Менде ренжіп,қуанатын пендемін.
Толтыраммен бұзып алма кем жерін





Пікір жазу