25.07.2022
  139


Автор: Серікбай Бердияров

Ақсақалдың алдын кесіп өтпестен...

Ақсақалдың алдын кесіп өтпестен,
Тәрбиемді алға салып шетте өскен.
Амандасып аманшылық сұрадым,
Еске алды содан мені тек тектен.
Сәлден кейін сұрақ қойып өзіне,
Мән бергенін қарастырдым сөзіме.
Жылы тартып отырғанды түсініп,
Жылтылдады сезімталдық көзінде.
Бірте-бірте әңгімемен қызынып,
Қал жайынан хабар етті қызының.
Құдалары жақсы екенін білдірді,
Көңілдегі жасыра алмай қызығын.
Соңғы жағы кәсібіне ауысты,
Шеберлігі көр қазумен қабысты.
Ауыл аймақ құрметіне бөленген,
Жерлерінде нығарлады дауысты.
Ішкі үиін жақсы деді кең еткен,
Әңгімесі болғанымен бөлектеу.
Қабыр қазу оңай емес екенін,
Өткізгенді жөн санадым електен.
Бар ғұмырын көп ісіне арнаған,
Дегеніңе пысқырмайтын жарнама.
Қанша адам қала, ауыл, далада,
Осыларға жететұғын барма жан.
Қол ақыны өлік шыққан үи төлеп.
Көңілдерін сау болсынға сүикеген.
Жаны таза қарапайым ақсақал
Жағдайымен әсер етті жүйкеге
Осы арада атымен жоқ күлтелеу.





Пікір жазу