25.07.2022
  102


Автор: Серікбай Бердияров

Әкем қазақ...

Әкем қазақ,
Шешем қазақ,
Мен қазақ.
Үйімізде алабөтен пенде жоқ.
Тілім қазақ,
Ділім қазақ,ендеше,
Қазақия деген елмін ең ғажап.
Ауылда өстім,
Қозы бағып,мал айдап,
Мектеп бардым алғаш рет”ағайлап”,
“Мен қазақпын!”деген кезде мақтанам.
Алпыс екі тамырымда қан ойнап!
Есейгенде алғашқы әнім”Елім-ай”,
Ел дегенде қайысады бел ұдай.
Туған жердің жемісінің тәттісі-ай!
Туған жердің желіктірген желін-ай!
Жолым түсіп бара қалсам шет елге,
Асығамын баяғы сол мекенге…
Етегіне ертелі-кеш жармасқан,
Туған ауыл-менің анам екен де!
Туған ауыл,
Туған аймақ,
Жан,мекен,
Сенен артық жалғанда жер бар ма екен?!
Өз жеріме өмір бақи иемін,
Өз жерімде “Елім-ай!”деп әндетем!
Қазақ жері тұнып тұрған имандай,
Жаратқанның бар байлығын жиғандай.
Жатырқамай келер болсаң ,
Жау болмай,
Саған деген бейіл қандай!
Сый қандай?!-
Жұмағыма әлем жұрты сыйғандай!





Пікір жазу