25.07.2022
  125


Автор: Серікбай Бердияров

Азды көпті ғұмыр кештік десек те...

Азды көпті ғұмыр кештік десек те,
Арттағы күн алынбай ма есепке?
Неге сонша шарқ ұрады бұл көңіл?
Неге сонша шарқ ұрады қос өкпе?
Өзіңді ойлап,
Өзге ісіне мән бермей,
Өзегіңді өртеп жүр-ау әр жерде ой?,,
Өзеуреуің кімге ұнайды,құдай-ау,
Заты бөлек зәкүншіл мен заңгердей?
Сәл нәрсеге қырын қарап өкпелеп,
Қарсыласа ит жүгіртіп өкшелеп,
Сен немесе мен жеңуім керек деп,
Келе беріп көрінгенмен бетпе-бет,
Шыққаныңды білмейсін-ау шеткерек.
Өнбойыңды өртегендей от қарып,
Сәл нәрсеге әдейілеп тоқталып,
Бітіспестей қайта-қайта топталып,
Біткен іске”шоқ,шоқ!” айтып,шоқ салып,
Жатқаның сол сорың қайнап,сотталып.
Өзіме де,
Өзгеге де тілерім:
Болғаныңды,
Толғаныңды біле-біл,
Жамандықта үлкен-кіші болмайды,
Қалыбында соқсын десең жүрегің!





Пікір жазу