25.07.2022
  109


Автор: Серікбай Бердияров

Мен өлген соң өз бетіммен болам деп...

Мен өлген соң өз бетіммен болам деп,
Демаламын,
Оңаламын,
Толам деп,
Мысықтілеу ниеттерге берілсең,
Бақытыңа жете алмайсын,балам көп.
Маған келген сені айналып өтпейді,
Бәрімізге,өмір шіркін,жетпейді.
Ажал да бір ар-ұяты жоқ қонақ,
Құрық алып қуғаныңмен кетпейді.
Ренжісем кеміс кеткен жеріңе,
Азу тісті ақситпағын бөрідей.
Түз тағысы тобырына шаппайды,
Қайтқаныңды жөн көремін беріден.
Өмір деген таусылмайтын сапарда,
Әке мен ұл бірге жүргей қатарда.
Қайда барып тоқтайтынын кім білген,
Жүрек деген мынау жүргек Отарба...
Ал әзірге бір болалық жан ұлым,
Бірге бөліп бұл дүниенің жарығын.
Ұлы жұрттан нендей қайыр ұрпаққа,
Ұл білмесе әкесінің қадірін?!





Пікір жазу