25.07.2022
104
Адам өлтірсең де айтуың керек шыныңды!
Адам өлтірсең де айтуың керек шыныңды!
Құран сөзіндей қабылдағайсын мұнымды.
Қасыма жақын келмегеніңді қалаймын,
Өмірде мына өлшей алмасаң құныңды.
Деген сөз бар ғой;”өтірік өрге баспайды”,
Біреуге дүние,біреуге қара бас қайғы!
Теңіз бен мұхит қаншама терең болғанмен,
Өз арнасынан асып та тасып аспайды.
Кебін де болар,төрің де болар төсек-төр,
Өлместен бұрын өзіңе-өзің есеп бер.
Азамат жайын қайдан да білсін азғындар,
Арғымақ жайын қайдан да білсін есектер,,,
Атаның сөзі-ақылдың көзі екенін,
Менменси бермей,мерзімі жетсе жете біл.
Жаңғырық-сенің калима сынды әуезің,
Мәңгілік-сенің Мәдине сынды мекенің!