25.07.2022
  86


Автор: Серікбай Бердияров

Балам

Балам,
Балам,
Жаман айтпай,жақсы жоқ,
Іс оңбаса қолыңдағы тапшы боп.
Жетіскенің,жетіспестей көрініп.
Мүйіздейді дер ед әкем қақшып ой.
Сол бір сөзін
Таңертең де,кешке де,
Бесін,құптан қайталайтын сәскеде.
Күн ұзаққа тиянақтап жататын.
Не біледі дейтін болар жас неме.
Дей алмайсың
Әкеңізге бері жүр.
Дей алмайсың әкеңізге,әрі жүр.
Жаны ашып тұрғандығы айдан ақ,
Осы арасы әлі есімде бәрінен.
Күні бұрын айтатынын қолайлап,
Түрлі жағдай жасалатын жолауға.
Соның бәрін бір адамдай білгенмен,
Тартатынмын өз бетіммен оңайға.
Жақсылықтың,жамандығы боларын,
Жамандықтың,жақсылықпен толарын,
Бұзылғанның,жөнделерін кім білген.
Көрегеннің ертеңгісін шоларын
Сыртта қалып,
Сыйланатын қымбатым.
Рәсуа еткен екем тұнбасын.
Бүгін бәрі өз басыма түскенде,
Тажал боп тұр айтқанымды тыңдату.





Пікір жазу