25.07.2022
  99


Автор: Серікбай Бердияров

Өмірсерігім...

Өмірсерігім,
Балаларымның анасы,
Тәңір иесі,
Мендей пақырға жаны ашып,
Суға салса батпайтын,
Отқа жақса жанбайтын,
Адам табыстады жаны асыл.!
Олай дейтінім,
Құдасбек, Самат, Серік боп,
Түннің жарымы,
Бір бірімізге еріп кеп,
Араққа тойып,
Ұятты қойып,
Қанын іштік қой талай жыл.
Үндемей бірақ,
Дегенге жетті ақыры.
Қап арқалатты,
Есепсіз жүрген шақырым.
Несін айтасын,
Көрдім шайқасып,
Тамыры терең тақырып.
Бүгін ханшайым,
Бала шағалар айнала.
Бірдеме десең ,
Шулап шығады майшабақ.
Тойын жасайды,
Ойын жасайды,
Сұрап жатпайды қаншада.
Қал жайым солай,
Өте момақан боп алдым.
Айқай сүренім,
Түк болмағандай жоғалды.
Үйге кіремін
Үйден шығамын
Қиқаң сиқаңды доғардым.





Пікір жазу