25.07.2022
  316


Автор: Серікбай Бердияров

ЖАНҰЯ

Ел қатарлы тәрбиелеп өсірген,
Әкетайым мен өзіңнің көшірмең.
Түгелінен дегеніңе жетесің,
Замананы сақтасын де кесірден.
Болмысыммен қызыметтенем өзіңе,
Мән берерсін түйіндеген сөзіме.
Үйлі жайлы болғанымды қаладың,
Өзіңізден алған өмір сабағым.
Жанға қуат істе медеу тіреуіш,
Өз нанымды еңбек етіп табамын.
Бәйектенген ниетіңе не дейін.
Басты мақсат өсіп-өну көбею,
Асқақ арман қалықтайды биікте.
Қолымдағы өзімдікі іліккен
Өзіңізден алған, қойған тәлімім,
Келгендігін мақтанамын білікпен.
Әке сенің ойнақтаған елігің,
Өзі айдап келе жатыр көлігін.





Пікір жазу