25.07.2022
  296


Автор: Серікбай Бердияров

Азаматтың құрдасы досы болар;

Азаматтың құрдасы досы болар;
Қайда барып жүрмесін қосып алар,
Қай кезде де адамға уақыт емші,
Жақсы жеңге сияқты тосып алар.
Жасып қайдан,
Күнелтем тасып қайдан?
Бара жатса өзгеден асып айлам
Тамбағанын тілеймін тәңірімнен
Жер бетіне босына , қасықтай қан.
Құндылығы көріктің-қызған шағы,
Алыс бармас адамның қызғаншағы.
Сөздің мәнін ұғады есті бала,
Көздің жауын алады қыз моншағы.
Бағбан ғана өбектер бақтың гүлін,
Жақсы адам тілейді жат бірлігін.
Өміріне өлеңін серік еткен
Ақын ғана ұғады хақтың тілін?!!
Көктемеде гүлдесе өмір бағы


Адамдардың арманы орындалды.
Жүрегімді аяймын тек бәрінен,
Жүдеп-жадап күн кешкен торымдағы.





Пікір жазу