25.07.2022
  101


Автор: Серікбай Бердияров

Ауылдың маңы көк шалғын

Ауылдың маңы көк шалғын
Малыңа орып шөп салғын,
Әзіл қалжың қағысып,
Ауылға сәтте кеп қалдым.
Су сорған сортаң дененің,
Суын сорғытып демедім.
Әңгімемнің шегі жоқ
Көзімін білсең көненің.
Сыңсыған тоғай талына
Құладым талай шалына.
Шығамынмен жүргенде
Шомылдық терге малына.
Аяқты тасқа тілгілеп
Шөбі шаламы ілгілеп.
Жаралы жерлер жататын
Таңның алдын да күлдіреп.
Қынама қамзол қапсырма
Беріліп қойған тапсырма.
Қыздар қасыңда жүреді
Сөзіңе мәзсін лақтырған.
Түгелдей құлақ қапталың.
Өзіңнің жайың баққаның.
Қыйт етсең құрып кетесін,
Не болса соған ақталу.
Ойымды арбап сағыныш,
Сипадым ағаш қабығын.
Баруым керек сияқты,
Ауыл аймаққа тағы бір.





Пікір жазу