25.07.2022
  91


Автор: Серікбай Бердияров

Айналайын Манғыстау!

Айналайын Манғыстау!
Күндер өтіп аңдысқан.
Бүгін сенің үстіңнен
Нұр жаууда алғыстан.
Заманын да ықылым
Қиын болды жұтыну.
Бүгін түгел сырт қалып
Өсті өнді тұқымың.
Мұнай мен газ арқасы,
Жетістіруде баршасын.
Төрткіл дүние біледі
Бүгінде елдің картасын.
Сайын дала сақталып,
Әрбір шаршысы хатталып.
Азаматтарымен саналы ,
Жатқан жай көп нақталып.
Бұдан артар қандай зат,
Бағы жанғасын маңдайда.
Жақсының сөзі санада
Тәттінің сөлі таңдайда.
Өркенде жаса шалықта,
Жасалсын түгел халыққа.
Басқаның бәрі әңгіме,
Көз салу үшін алысқа.
Жаса Манғыстау!
Жаса Манғыстау!
Жаса!!!





Пікір жазу