25.07.2022
  103


Автор: Серікбай Бердияров

Ата қоныс...

Ата қоныс,
Шәуілдір,
Қоғам,
Шенгелді.
Өңірінде талай көкпар өңгердім.
Ұлан асыр той-жиында әндетіп,
Мерекеге әлжеткенше өң бердім,
Жігерлерің қайда дейтін сендердің.
Қарияның сөзін тыңдап дуалы,
Жас пен желең көзін ашып жұматын.
Көпшіліктің сөзін сөйлеп шырқырап
Сөз тәңірі қаққылайтын сынасын.
Атбегілер ат тұяғын тағалап,
Бозбалалар ауыл үйдіжағалап,
Ана,әжелер ұзатылған қызына,
Аман жүрлеп айтатұғын аманат.
Сүттей әппақ көңілдегімөлдірлік,
Ождандының ой-арманы-ел,бірлік.
Есейдік те,
Ерте демей,кеш демей,
Біз де соны бойымызға ендірдік.
Әке алдында қай кезде де бала жас.
Еңбек түбі,зейнет,бейнет,адал ас…
Соңғы кезде әңгімеге зәрумін.
Соққылайтын ащы,тұщы аралас.





Пікір жазу