25.07.2022
  96


Автор: Серікбай Бердияров

Еңкейген шал, жас бала...

Еңкейген шал, жас бала,
Қарамастан басқаға,
Елпең қағып келеміз,
Артта қалып баспана.
Иассауи ата бетіміз
Түркістанға жетуім.
Атаға құран бағыштап
Керегі ниет етуім.
Әке- шаңырақ иесі
Қолдаса ата киесі.
Адам болса баласы
Табардай егіз түйесі.
Әкенің ойын түсіндім,
Бірақта өзім мүсінмін.
Оңғарылымы осы ара
Жасалар барлық ісімнің.
Мешітке табан тіредік,
Кесене неткен ірі еді.
Айтса атам айтқандай,
Көрінбейді тіреуі.
Шомылдым әбден шындыққа,
Мұсылманымыз пір тұтқан,
Ахмет яссауи кешені
Ескіден екен бір нұсқа.
Көрдіңбе деді мынаны
Осы иассауи тұрағы.
Шартараптан ел келіп
Оқиды деді құранын.
Сөйтті де ата қатайып
Шұбыртып өтті батаны.
Түркі дүниесі тәуетер
Түркістан екен отаны!
Маңдайды тасқа тигіздім,
Атама бетті сүйгіздім,
Жақсыға жанды жаныған
Керемет екен үй біздің.
Көшпелі өмір көшінде
Қалуы тиіс есінде
Көп ізгілік бар екен
Риза болдым шешімге.
Қастерлі түркі түйірі
Мені әкелді үйіріп.
Менде баламды әкелдім
Тазалығына сүйініп.
Балам баласын әкелер,
Жаман демеймін түйіні.
Жалғасын тапқан өлеңнің
Осы бір ара биігі.





Пікір жазу