25.07.2022
137
Мерей құтым өз елім
Мерей құтым өз елім
Отан ана,
Ел жұртым,
Жылдардан өттім желдіртіп.
Ел ағасы жасымда
Жаныма жат көлгірсу.
Балаңды жөндеп қарап ал,
Халықтың көзі шарайна.
Ассаң тезге салады
Айла амалы сан алуан.
«Мерей құтым өз елім
Көбіңе көңіл кезедім
Жыр күмбезін тұрғызып
Алтыннан тақ құрғызып
Гүлзарыңдағы гүлдерден
Көз жауын алсам қырмызы»
«Жорғадай желіп көсілген
Қайыстай қанып есілген
Толықтай ойдың орамы
Шықпаса шіркін есіңнен
Құдіретке сонда бас иіп
Сөз қорытсам өсімнен
Бәріде дұрыс болар ед»