25.07.2022
  164


Автор: Серікбай Бердияров

Отан ана

Отан ана
Шаужайыңа оралып,
Елің жұртың жиналыпты қоралы.
Бәрінің де жаны жайлау көкжиек
Келгенінде айту лазым орамы.
Пішіп өлшеп қолдағының салмағын,
Адамдардың өскендейін талғамы.
Бітіргенді місе тұтпай бойына,
Ізгілікке талпынуда алдағы.
Отан сенің
Ай туғанда оңыңнан.
Ерген елді қызықтадым соңыңнан.
Егеменді ел ұланы болғасын,
Келетінді аямастай қолынан.
Мысықтілеу,
Жымысқылар жайлаған,
Қоғамдағы алып соқпа айлаға.
Қарсы тұрар абайладым пәрменді,
Қашқанды да абайладым пайдадан.
Жан шақырып ,
Шөл қандырып ағыннан.
Гүл ұсындым бала ауыз шағымнан.
Жыр ұсындым жүрегімді жарғылап,
Жақсы жаман баламасы бағымда...





Пікір жазу