Туған жерімді...
Туған жерімді,
Өскен жерімді бір көрсем,
Қойын да бағып,
Тойын да көріп үлгерсем.
Жүрегім сыздап,көңілім қоздап,бір мезет,
Тірлікте мынау тілегіме ғана тіл берсем!
Тобама келіп топырағында аунасам,
Шаңқай бір түсте шалғынын орып, бауласам.
Шөліне пісіп,саумалын ішіп қымыздың,
Көліне түсіп,көгеріп түсім, жаурасам.
Қайыңдай қалқаБойжеткен қызға көз салсам,
Кербезсіп келген келіншекке де сөз салсам.
Ауылдан аулақ,биесін сауған кезінде,
Желемік кеште жеңгеме,шіркін,кез болсам…
Үлкендерінен амандық-саулық сұрасам,
Жезделерімнің құлағын аздап бұрасам.
Ақшаңқай үйде аузыма жұртты қаратып,
Үкісін таққан үржамал қызға ұнасам.
Жарығын төгіп, жарқырап тұрса ніл аспан,
Таң атпай жатып гүлдерді көрсем бүр ашқан.
Есімнен сірә кетер ме кезім, шіркін-ай
Күндерім күнге,
Түндерім түнге ұласқан?!
Жуып та шайып,
Санама сәуле құйған шам,
Қанша күннен соң қалаға қайтып жиналсам.
Үркектеп тұрған үржамал қызға сырымды,
Айта алмай-дағы,
Қайта алмай-дағы қиналсам.