25.07.2022
  128


Автор: Серікбай Бердияров

Туған жер...

Туған жер,
Өскен жер ,
Аман сау,
Бүгінде кемпірім, жаман шал.
Қалайсын,- дейтінді шығарды,
Ұнжырғам түседі соған сәл.
Балалар үйленді, күйленді.
Ұнатып артықтау кигенді.
Басында қақпайлап қоюшы ем,
Бүгіндер оған да үйрендім.
Келін де баласын лақтырып,
Қояды күнұзақ бақтырып.
Атаның баласы дегенге,
Айтқанын жасаймын тақ тұрып.
Ақша ұстау қарасы үзілді,
Білдірмей кететін ізіңді.
Кезеңдер ертеде болушы ед,
Ол жердің мүкісі түзілді.
Құп, тақсыр!
Не дейсін ?
Ләппайлап,
Жүргеннің өзінде жақпай қап.
Азды көп артық сөз есітіп,
Алынып жатамыз қақпайға.
Туған жер!
Өскен жер!
Жүгіріп
Жалаңаш лыпасыз түгіміз.
Жалтырап жататын уақыт
Біржола құрыды,сызылды.
Айтатын түгі де қалмады,
Туған жер,
Өскен жер,
Оллаһи,
Есіме түсірген осы сәт,
Сезімді оятты болмашы
Сен айтшы
Болғанды көрдің ғой.





Пікір жазу