25.07.2022
  231


Автор: Серікбай Бердияров

Отаным менің!

Отаным менің!
Қазаны оттан түспеген,
Алдыңда әлі зәмзамның суы ішпеген.
Айбыны асқақ сен менің Алтын ордамсың,
Босағаңды аттап,
Алшаңдай басып ішке енем.
Бүгінде саған бейілін бұрған бір Алла,
Көңілде күлкің,
Өмірде кілтің,
Құранда...
Есіктен енген екінің бірі дос емес,
Жадыңда сақта,
Есіңнен мұны шығарма.
Таусылмас көзің,
Алтының, мысың, мұнайың...
Ықыласын төксін құдайым саған ылайым.
Тіл аузым тасқа!
Аршылған бұлттан аспандай
Сұңғыла өңің,
Ашыла түссін шырайың!
Отаным менің!
Арымай, талмай алға атта,
Салтыңды сақта,
Халқыңды сүйіп,ардақта.
Сенің де жолың,менің де жолым оңалар,
Сыйына білсем,
Сыйлана білсем әруаққа…





Пікір жазу