25.07.2022
  150


Автор: Серікбай Бердияров

Отаным менің

Отаным менің
Ерте де демен,кеш демен,
Өркенді жайшы,өрлеген көкке көшпенен.
Асудан өтпей,өткелсіз өзен кешпеген,
Асуға жетпей ешкім де белін шешпеген!
Беліңді шешпе,
Бейнетің әлі алдыңда,
Көзіңді сүзбе шалғайда жатқан шалғынға.
Қасиет қалсын қарайған қарттың аузында,
Өсиет қалсын балапан бауыр балғынға.
Ділің мен дінің-ділмар боп туған тіліңде,
Болымсыз жұрттың бопсасын тыңдап бүлінбе!
Домбыра сазы,
Қобыздың қоңыр сарыны,
Салтанат құрсын үзілмей мәңгі үніңде!
Отаным менің!-
Жарқ ете қалған жасынсын,
Асқардан асқақ,
Алтыннан ардақ асылсын.
Үлкен де кіші үйіріңе сенің қосылып,
Келген де кеткен аяғыңа сенің бас ұрсын.





Пікір жазу