Шексіз де шетсіз жазира мекен, жан аймақ...
Шексіз де шетсіз жазира мекен, жан аймақ,
Батады күнің,
Атады таңың арайлап,
Аққу мен қаздың қызығын жүр-ау қызғанып,
Шүрегейлер де қонып жүр көлді маңайлап.
Ежелден елдің төркіні сен ең төзімнің,
Мейманам барда меймансыз қалай көз ілдім.
Есіктен енген төріңде сайран салуда,
Келімсектерің демейді өзің, сөзің кім.
Жайыңды жатқа неліктен сонша жеңдірдің?
Тезегін теріп кетпесе екен тең құрбым…
Баламыз жатыр бармағын сорып үйді-үйде,
Қара бір суға қармағым салып мен жүрмін.
Ожданым,арым емес пе еді Отан,бақ?!
Білтелі мылтық қолыма тисе-ақ оталмақ,
Қараша үйімде қалайша қалғып-мүлгиін,
Жыныма тисе қайсыбіреулер қоқаңдап.
Мекенім менің,
Жайқалған жасыл желегім,
Жердің де иесі,
Ердің де иесі сен едің.
Кең елім меніңДуалы ауыз кемелім,
Айта ма деумен сергелдеңімнің себебін,.
Жалтаңдап емес,жаутаңдай қарай беремін.