25.07.2022
  91


Автор: Серікбай Бердияров

О, туған жер киелім...

О, туған жер киелім,
Сөз сөйлесем жүйелі,
Ауаңа аңқам ашылып,
Кемсең қақты иегім.
Берілдім бе сезімге,
Түсінбеппін өзімде,
Саусағыммен сылыдым,
Аққан жасты көзімнен.
Ақ ниетпен ас тосып,
Отырғаныңа бас қосып.
Кеттім бе екен езіліп,
Күткенім бірақ тап осы.
Сәлемді алған ағаның,
Сәлемді алған ананың,
Ризашылығы не тұрат,
Шіреді сана шанағым.
Жұпары аңқып жерімнің
Тарқатты түпкі шерімді.
Қырбақтан төмен домалап
Бала боп тіпті көріндім.
Шым-шытырық шимайдан,
Жүрегім екен қиналған.
Өзінен өзі жазылып,
Түйінін шешті жиналған.
Сағынып келген шағымда
Отырдым көңіл тағыңда.
Туған ел саған мың алғыс
Екенсің әлі бабыңда





Пікір жазу