Отаным менің...
Отаным менің,
Тұғыры берік мекенім.
Алпыс төрт жылда ,
Сайранды салып төпедім.
Кешегі бала
Біреулер дейтін көк өрім,
Араша сұрап
Іскендігіне шекенің,
Налыған күндер
Кім білген бұлай өтерін.
Отаным менің,
Өтілген күнге куә сен.
Өмірден озған
Адамдар үшін дұға тең.
Тірінің ісі
Тіршілігімен көрікті.
Мен үшін кеше
Лақтырғанымыз бөрікті,
Елуде міндік
Армандап жүрген көлікті.
Отаным менің,
Бағым,бақытым, баспанам.
Артық көремін
Тыныштығымды басқадан.
Ағыл да тегіл
Атқылап жатыр босқа қан.
Көзсіз қарулар
Жетеді елді жасқаған.
Қиындық көрген
Жиынтық жасы тостаған.
Отаным менің
Бірді айтып бірге кетемін.
Көзбен сипадым
Өткен қыздардың етегін.
Кеудені соққан
Сезімнің ертті жетегі.
Жастық шағымның
Кім білген мұндай шекерін.
Қала алмадым
Мәңгі баладай бекері.
Жақсы жаманның
Барлығын жүрмін көтеріп.
Отаным менің
Көрсеттің маған оң пейіл.
Жасым келгенде
Істеген ісім еңселі.
Немере сүйіп
Келін жұмсадым теңселіп.
Құда жекжатқа
Дастархан жайдым еңсеріп.
Көңіл көгінде
Емім сенімде еркемін.
Жеңіл сезінген
Сүйікті ұлың мен сенің.