25.07.2022
115
Отаным менің!!!
Отаным менің!!!
Ақылға ақыл қосылып,
Өз өзімізге келгенімізде шошыдық.
Зейнеткерлікке қояйын десем шықпай-ақ,
Күліп қатырды жауымыз емес досымыз.
Айналаңдағы қарағыштардың көзімен,
Орынды босат дегенге ұқсас тезінен.
Жасым келгесін жатуға тиіс екенмін,
Ұялып жүрмін жұмыс жасаудың өзіне.
Көпшілікпенен отыра қалсаң талдайды,
Түсіністікпен қамтитындайын шалғайды.
Зейнеткерліктің көрмеймісіңіз рәтін,
Жөндемеймісің онанда дейді хал жайды.
Осынысына айтылар қандай жауап бар,
Жабысқандығың осы емес пе балақтан.
Иттей таланған түсініксіздеу ойымды,
Шығара алмай әуре сарсаңмын санаттан.
Аңғарылмайды қаншалықты дұрыс бұрысы,
Әншейініңде көрмеппін елмен ұрысып.
Қан көтеріліп басым айналып барады,
Аяқ қолымыз қалмасын деңіз құрысып.