Отаным менің...
Отаным менің,
Сырымды саған
Ашықтан ашық айтпастан,
Қалай болады
Темір ұсынсам дат басқан.
Қалай болады киім тазасын киіп ап
Қарақан басты
Қиыншылылықтан ап қашсам.
Жақсы білемін ненің тұрғанын қалқада,
Өмір болғасын түсіп жатасын алқаға.
Сондай кездерде танымасыңды сыйламай,
Бұрылуыңыз әбден мүмкін ғой арқаға.
Еркек тоқтыдай
Шалып жіберсең құрбандық.
Таба алмаспын түтін шығатын мұржамды.
Басқа есіктің
Тұтқасын тартып алжысам,
Жақындатпағын
Деуің әбден ғой құрығанды.
Жақсысын айтып жаманшылығын таяп қой,
Ісің біткесін қыдырылатын қонақ той.
Үміт пен үгіт табан тірейтін медетің ,
Абыройсыздыққа кенелдіреді шолақ ой.
Осылай күнде өзімді өзім қайраймын,
Қайсыбіреуі аяғын алғанмен айлардың.
Қайсыбіреуі сексеуілдейін қозданып ,
Алдыңыздағы мақсат мүддені қорғайды.
Шынайылықта өтірік арбау мүлде жоқ,
Адам сияқты пікірлескендер тілге кеп.
Өзіммен бірге ойын бөлісіп жатады,
Ашық жағдайда барысы айқын күндерек.