Отаным менің...
Отаным менің,
Жақсы мен жаман аралас.
Миллиондармен болып жатамыз шаралас.
Бірі айтқанға адам тәрізді қосылса,
Екіншілері жаныңды жейді қаралап.
Бағдарламасы өз пайдасына жығылған,
Шығуы керек тап таза болып шығыннан.
Осы арада кемісін айта бастасаң,
Бейтараптанып бейғамданады ұғымнан.
Кемшіліктерін мойындағысы келмейді,
Олардың тіпті пәруайы пәлек өл мейлі.
Бұлтартпасыңа байбалам салып жатады,
Аз аялдасаң алдыңғыларын өңдейді.
Есіл еңбегін әлсіретеді маманның,
Сөзіне ерсең жыны шығады адамның.
Заттың сапасы онан кемімес дегенде ,
Індетіменен беттесесіз қоғамның.
Толықтырылу,жинастырылу тапқырлық,
Ұғындырылды дегеніңде де сақ тұрғын.
Кертартпалардың кесапатының кесірі,
Талай арысты бетінен алып лақтырды.
Шалажансарға баршылық арман түсінем,
От боп жанасын амалың нешік ішіңнен.
Біліп тұрсада білмеген кейіп танытып,
Ши шығарғанша қазбаланады ісіңнен.