Елді сағындым үйді -үйге кіріп аралап...
Елді сағындым үйді -үйге кіріп аралап,
Айран сүтінен ауыз тиетін бар адам.
Күбісін пісіп майын алғанша шыдамай,
Бұғатындағы сүзбесін дәмдер ораған.
Елді сағындым таңның атысы тынбайтын,
Ертеңіменен кетпен күрегін шыңдайтын.
Бау бақшалықта жасағаныңның бағасын,
Көрші көлемнің әңгімесінен тыңдайтын.
Елді сағындым иттері үріп арпылдап,
Асау тайлары асырын салып жарқылдар.
Төскейде шалғын төсінде балғын ойыны,
Шырын сөліне тойынғандайын бар тұлға.
Елді сағындым сағыныш сәті жадымда.
Қарсы жүзгенді көргенің бар ма ағынға.
Есіңе түсіп қайдағы менен жайдағы,
Кететін кездер ерікіңізге бағынбай.
Елді сағындым елді сағындым,сағындым,
Табы сақталды әрбір балалық шағымның.
Қыздың бүйірі түртілген саусағымызға,
Қарағандығым есіме түсті тағын бір.
Елді сағындым алғаш махаббат мекені,
Сөзден жаңылып соғылған күні шекенің.
Есіме түсті уызға қарық болған күн,
Шаруасы демей қабылдаңыздар жекенің.