25.07.2022
  120


Автор: Серікбай Бердияров

ОТАНЫМ МЕНІҢ...

«Отаным менің» -
Деп басталатын топтамам,
Көрік кыздырар қажеттілікті жоқтаған.
Елдің абзал азаматтарының қимылын,
Тиек етеді сөз құдіретіне тоқтаған.
Шапағыменен шарта жүгініп ақ таңның,
Бітіміменен нұрға бөленіп жатқанның.
Отан алдында ниет тілегін айдарлап,
Кәнекей енді дегісі келед шаттанғын.
Тірлігіндегі күйіп піседі түйінге,
Шешім таппаған тоқтай қалады иінде.
Қуанышымен түгелге біте қайнасып,
«Бірлік болса» деп жанын салады үйінде.
Сұғанақтықпен дүние мүлік үйгізген,
Сұмпайылық қолын өтсем -ай дейді тигізбей.
Тәрбие көрген ұрпақтың сөзін сөйлейді.
Анаға ұйып, әкеге бетті сүйгізген.
Өмір сүрудің оңай жағымен қамданып,
Жеңіл үстінен жүретіндерді жан бағып.
Өмір жолында жолы болмасын аңғартып,
Оңбайтындығын түсіндіреді соң жағы.
Сілтемелерде сілімтік селкеу жазылып,
Берекетіне қанағат дейді азының.
Қанағатсызға қата қалыңдар демейді,
Отан сенімі негізгі дейді қазығың.





Пікір жазу