25.07.2022
103
ҚАЗАҚТАР НЕГЕ КӨШЕДІ?!.
Қазақтар неге көшеді,
Туылған жерден кешеді?!.
Иелеп жатыр басқалар,
Қаңырап қалған көшені...
“Көшпелі халық – бұ халық!”..
Жүргелі қашан шұбалып.
Мұңайысады қасқалар,
Жүктерін жолға шығарып.
Артында әне Аралы,
Туылған жері, маралы.
Көшпейді неге басқалар,
Қазақтар көшіп барады?!.
Бұл жерде кәні азат кім,
Бізге де керек ғажап күн!
Том-том боп қалың кітабы,
Шығуы керек қазақтың!
Қазағым: өніп-өс, дейді,
Ешкімнің жолын кеспейді.
Қазақ деп көзге түртпесең,
Қазағым менің көшпейді!..
Отына көндім тозақтың,
Көреміз мұнда мазақ кім?!.
Көшті деп оны қуанбай,
Көзіне қара қазақтың!..
Қазақтар неге көшеді,
Туылған жерден кешеді?!.
Қазақтың демек бұл жерде,
Жорғаламаған есегі!
Қазақтар неге көшеді,
Қалбайлар неге өшеді?!.
Түюлі әне тұмарға,
Туылған жердің кесегі..