25.07.2022
  92


Автор: Қалбай Әбдіраманов

СЕН ОСЫҒАН ШҮКІР ЕТ

Өткенді ойлап,мастанып,паңданасың.
Шөже асырап,нан илеп, мал бағасың.
Өз шаңырағың биіктеу болу үшін,
Өтірік те айтуға қамданасың...
Бәрі мәлім,қарағым,бәрі мәлім,
Қайдасың сен,боялған әрім,әнім?!.
Сүрлеуімнен мен бүгін...
Жаңыламын:
Келіп кет деп өзіңе жалынамын.
Оралады қайтадан
Көшкен көктем,
Сығалайды бір жұлдыз өшкен көптен.
Мен баяғы оқимын өлеңімді,
Өміріңді оятып...Естен кеткен.
Азынаулақ мына бас пікірлейді,
Аракідік бұл жүрек лүпілдейді.
Ақ бұлақтың суына қанған адам,
Көк бұлақтың суына түкірмейді...
Нұр,шапағат пайда боп жарылыстан,
Көкірегімде оянды кәрі мыстан.
Қандай жақсы түртетін сайтан бары,
Қандай жақсы өмірде жаңылысқан?!.
Қайдан өндік қозы боп өрісте өнбей,
Бақытыңа шүкір ет кеміс көрмей.
Су бойында отырып екі жетім,
Махаббатпен болайық көріскендей





Пікір жазу