25.07.2022
  83


Автор: Қалбай Әбдіраманов

БАЯНДЫ

Білмеймін маған тықыр таянды ма,
Сен түгіл сағындым ғой саяңды да.
Мені күтіп тұрғандай сұлу Баян,
Барғым келе береді Баяндыға.
Шүй төбемде ұшып жүр бала қыран,
Жазсын деп сол туралы жаңа бір ән.
Шабытпен атыңды айтып ән шырқадым,
Қаймықпай қарт әкеңнің қабағынан!..
Тірімін ғой мен міне, өлгенім жоқ,
Көн дегенмен тағдырға, көнгенім жоқ.
Бір дастаннан шығудың жолын таппай,
Өлуге қой соңында келгенім жоқ!..
Мен сені түстерімде анық көрдім,
Көргенімді қалайша дәріптермін.
Сығалап арасынан тұр екенсің,
Маржандай боп тізілген әріптердің.





Пікір жазу